Тарату нүктесін қосылым шлюзі ретінде қолдану туралы

Басқару сервері демилитаризацияланған аймақтан (DMZ) тыс болса, демилитаризацияланған аймақтағы Желілік агенттер онымен байланысу мүмкіндігін жоғалтады.

Басқару серверін Желілік агенттермен байланыстыру үшін тарату нүктесін қосылым шлюзі ретінде пайдалануға болады. Тарату нүктесі Басқару серверін қосылым жасау портын ұсынады. Іске қосу кезінде Басқару сервері тарату нүктесіне қосылады және бүкіл жұмыс уақытында онымен байланысты үзбейді.

Басқару серверінен сигнал алғаннан кейін, тарату нүктесі Желілік агенттерге UDP сигналын Басқару серверіне қосылуға жібереді. Сигнал алған кезде Желілік агенттер Желілік агент пен Басқару сервері арасындағы ақпаратты жіберетін тарату нүктесіне қосылады. Ақпарат алмасу IPv4 желісі немесе IPv6 желісі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Бөлінген құрылғыны қосылым шлюзі ретінде пайдалану және бір қосылым шлюзіне 10 000-нан аспайтын клиент құрылғыларын (ұялы құрылғыларды қоса) тағайындау ұсынылады.

Бұрын конфигурацияланған желіге қосылым шлюзін қосу үшін:

  1. Желілік агентті қосылым шлюзі режимінде орнатыңыз.
  2. Жаңадан қосылған қосылым шлюзіне қосқыңыз келетін құрылғыларда Желілік агентті қайта орнатыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Басқарылатын құрылғыны тарату нүктесі етіп тағайындау

Желілік агентті жергілікті орнату

Басына оралу